Өнерімен өрге озған өрендер

Сондай-ақ Түлекенова Ақмарал жетекшілігі арқасында Ұлттық аспап – домбыра бойынша Еркеназ Серікқали І-орынмен, Қуанышкүл Тілеулесова жетекшілігі аясында Ринат Жақсылық үшінші орын бйоынша мараптаталды.
Бірқатар музыкант мектеп оқушылары «Ансамбль номинациясы» бойынша, прима аспабы бойынша Нұрасыл Рахат, домбыра аспабы бойынша Әкімжан Бектемірұлы, қобыз номинациясы бойынша Салтанат Темірбай қатысқандары үшін арнайы сертификатқа ие болды.
Жас жеткіншектерді өнерге баулып, үлкен өмірге қанат қағуына аудандық өнер мектебінің қосқан үлесі зор. Талай жастың талабын ұштап жүрген өнерлі орданың бүгінде бағындырған белесі көп.
Дәл осы тұста аудандық Өнер мектебі ұстаздарына жас музыканттардың эстетикалық, адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік және Отандық көркемөнер мәдениетінің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту барысында шәкірттеріне білім нәрін құя білген әрбір жеңістерімен құттықтап, абыройлы белес тілейміз!
Сыр елі өнердің тұнған мөлдір бұлағы болса, оның ішінде – Арал ұлттық дәстүрін, ән-күйі мен жыр термесін қайнар бұлағына сақтап қана қоймай, дамытып келе жатқан аудан. Кешегі Нұртуған шайырдан бастап, бүгінгі Айбек Тәңірбергенов өнердің өр шыңына жеткен мақтанышымызға айналды. Осындай өнерді сүйген өр тұлғалардың жолын қуушылар барда бұл өнер ешқашан өшпек емес.
Нұрай ӘМІРХАНОВА