Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қарт аналарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі қарт аналарды мерекемен құттықтады

Тамылжыған көктемнің шуаққа толы шырайлы мерекесі – 8 наурыз  Халықаралық  әйелдер  күніне орай аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов және ел азаматтарымен бірге ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі алдымен қаладағы Төле би көшесінің тұрғыны І топ мүгедегі Күміс Нұралиева мен Д.Жолымбетов көшесінде тұратын жалғызбасты ана Ғалия Галяутдиноваларға барып аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың және аудан азаматтарының құттықтады.
Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан аналардың еңбегі ешқашан ұмыт болмайтындығын жеткізді.
Өз кезегінде кейуаналар ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсеткен ер азаматтарға ризашылығын білдірді.
Арнайы келген азаматтарға кейуаналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
09 наурыз 2025 ж. 33 0