Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
Аудан басшысының қабылдауында болған азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Сонымен бірге бірқатар жұмыс сұраушыларға аудан бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып, кейбір мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

14 наурыз 2025 ж. 75 0