Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс - Тоқаев

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ. Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ»

Фото: massaget.kz

14 наурыз 2025 ж. 72 0