Қайырымдылық күні ерекше шаралармен өрбуде

Бүгінгі күннің маңызды шаралары ертесімен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен бастау алды. Жәрмеңкеде 60 тоннаға жуық өнім сатылып, оның ішінде 4,6 тонна ет өнімдері, 200 литр шұбат, 15 бас тірі қой-ешкі, 12,7 тонна мұздатылған, 50 дана ысталған балық, 3 тонна ас тұз, 35 тонна көкөніс және азық - түлік өнімдері халыққа төмен бағада ұсынылды.
Қайырымдылық күніне орай шымылдық түрген шаралар қатарында «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты құрақ құрау, ұлттық бұйымдар, зергерлік сағаттар жасау және мұражай таныстырылымы, «Қыздар сұлау көрінер бұйымы», «Аластау» және «Бесікке салу» секілді ұлттық салт-дәстүрлер көпшілік назарына ұсынылды. Аудан әкімі бұдан бөлек әр киіз үйде өтіп жатқан «Мейірімділік – ізгілік жолы» шарасына, үй жағдайында жасалған және кондитерлік өнімдер көрмесін, «Шашбау тағу» көрінісіне, «Тұсау кесу», садақ ату сынды түрлі танымдық шараларды көрді.
Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрі, елдің бірлігі мен татулығын арттыратын ерекше мереке кешкілік Құланды, Қосаман, Беларан, Бекбауыл ауылдық округіндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласады.




Фото: Арал ауданы әкімдігі