Жәрмеңкеде Алтын күздің өнімдері ұсынылды

Алтын күздің тоқшылық меркесіне кент және ауылдық округтерден 1,5 тонна ет, 300 литр шұбат, 3 тонна балық және 20 бас қой әкелінді.
Бұдан басқа, аудандағы балық өңдейтін 3 кәсіпорыннан барлығы 5 тонна балық және балық өнімдері, өңірдегі ірі 3 шаруа қожалығынан 1,2 тонна ет және «Аралтұз» АҚ-ы 2 тонна ас тұзы, Қамыстыбас балық питомнигінінен 1 көлікпен тірі балық келді. Сондай-ақ Сырдария, Жалағаш аудандарынан 6 тонна күріш, Қазалы ауданынан «РЗА» АҚ-ның 2 тонна сүт, май өнімдері, қосымша «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан 20 тонна азық-түлік тауарлары сатылымға шығарылады.
Барлығы 20-ға жуық көлікпен 50 тоннадан аса ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Ауданның дихандары мен тауарөнідірушілері жеміс-жидек, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары, ет және балық өнімдерін Арал қаласының тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі