"Гүлдей нәзік, болаттай берік" жұмысшы арулар фестивалі

Еңбек адамының мәртебесін арттыру, түрлі саладағы нәзік жандардың кәсіпқойлығы мен өз ісіне дегее жауапкершілігін дәріптеу мақсатында өткізілген фестивальге аудандағы түрлі мекемелерден 8 әйел-аналар қатысты.
Фестиваль үш кезең бойынша өтіп, жұмысшы қыз-келіншектердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттері сыналды.
Шара соңында барлық қатысушы қыз-келіншектерді «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы мен "Анаға тағзым" орталығының басшысы Молжанова Алтынай алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай