Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығында жәрмеңке өтті

Аудан орталығында жәрмеңке өтті

Бүгін Арал қаласының орталығында тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу әрі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Көпшіліктің сұранысын қанғаттандырып, көңілін көтерген молшылық меркесіне ауданға қарасты 10 ауылдық округ пен жергілікті кәсіпкерлерден барлығы 35 тоннаға жуық өнім әкелінді.
Жәрмеңкеде 2 тонна ет өнімдері, 100 литр шұбат, 3 тонна мұздатылған, 20 дана ысталған балық өнімдері, 10 тонна көкөніс өнімдері, 10 тонна ұн,10 тонна азық-түлік өнімдері әкелініп, күнделікті базар бағасынан 10-15 пайызға арзан бағада ұсынылды.
"Толқын" ақпарат 

05 сәуір 2025 ж. 57 0