Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған С-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында, азаматша И-дың үйінің ауласына заңсыз кіріп, сарай ішінде тұрған «Урал» маркалы велосипедін, екі камфорлы газ плитасын және «Опель» автокөлігінің дөңгелегін жасырын ұрлап, жәбірленушіге 32 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.

Осының негізінде сотталушы C. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
08 сәуір 2019 ж. 632 0