Аралдық шаруалар су үнемдеу технологияларын пайдалануда

Оған дәлел, Арал қаласында жеке кәсіпкер М.Орынбасаров 720 ш.м жылыжай кешеніне, Ақирек ауылдық округіндегі «Асхат» шаруа қожалығы 8 гектар, Аманөткел ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Е.Төреханов 8 гектар және Сексеуіл кентінде жеке кәсіпкер А.Боханов жылыжай кешеніне 600 ш.м және «Құмсай» өңіріне 10 гектар жерге тамшылатып суару және подпленка әдісімен бақша-көкөніс дақылдарын орналастыруда.

Аудан бойынша егін шаруашылығын дамытуға байланысты оның ішінде, мал азықтық шөптер (жоңышқа), бақша, көкөніс және тағы да басқа дақылдарды орналастыру шеңберінде әлі де жұмыстар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша 233 гектар жер жыртылып, көктемгі дала жұмыстары жалғасын табуда.
"Толқын" ақпарат