Бүгін - Әскери полиция қызметі күні

Әскери полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алумен, әскери нысандарды қорғаумен және арнайы операцияларды жүргізумен айналысатын маңызды құрылым. Олар бейбіт күнде де, төтенше жағдайлар кезінде де тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үшін аянбай еңбек етеді.
Сонымен қатар олар 2019 жылдан бері БҰҰ қолдауымен бітімгерлік миссияларға жиі қатысады. Мемлекеттік күзет қызметімен және ІІМ-мен ынтымақтастықта әскери полицияның әскери қызметшілері ШЫҰ саммиттерінің, ҰҚШҰ-ның және басқа да халықаралық форумдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
Фото: Нұрболат Нұржаубай