Аудан әкімі Тоқабайдағы мектептің құрылыс жұмыстарына қанықты

Мектеп ғимаратының негізгі А блогы өткен оқу жылының басында пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда қалған екі блоктың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ғимараттың қабырғалары толық тұрғызылып, төбесі жабылған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүруде.
Аудан басшысы ғимаратты аралап көріп, жұмысты қарқынды жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және құрылыстың сапасына айрықша мән беруді тапсырды. Қосымша ғимараттар жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
