7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, парадқа 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам заманауи әскери техника, сондай-ақ 66 бірлік майдандық, армиялық және көліктік авиация қатысады. Әуе шеруі кезінде ұшақтар мен тікұшақтар аспанды әсем көріністермен көмкереді.
Мерекелік шеруді республика көлемінде телеарналардан, барлық қаладағы LED экрандардан және Қорғаныс министрлігінің YouTube арнасынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.
Бұл әскери шеру Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби дайындығы мен техникалық әлеуетін көрсететін маңызды оқиға. Ел мерейін үстем етіп, халықтың патриоттық рухын көтеретін шара Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күндердің бірі болатыны сөзсіз.
Фото: egemen.kz