"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында үлгілі отбасымен кездесу өткізілді
Бүгін “Жақсықылыш” бастауыш партия ұйымы “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында отбасы күні мерекесіне орай үлгілі отбасылармен кездесу кешін өткізді.Іс-шара барысындағы бүгінгі кездесудің қонақтары шаңырағы шаттық пен қуанышқа толы, аудан көлеміне танымал, беделді жанұя “Жолмахановтар” отбасы болды.
Үлгілі отбасымен танысу барысында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, отбасы мүшелерімен танысып, сыр-сұхбат айдары болды.
Сұхбаттасу барысында Жолмаханов Мұрабек ағай мен Құлымбетова Күнімкул апайымыз өздерінің отбасы тәрбиесіндегі ұстанатын қағидаларымен құпиялары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, көрермендерге жылы лебіздерімен ізгі тілектерін білдірді.

#AMANAT.










