Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңадан сайланған ауыл әкімдері таныстырылды

Жаңадан сайланған ауыл әкімдері таныстырылды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жаңадан сайланған әкімдерді актив ұжымына таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні ауданға қарасты Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар және Аманөткел ауылдық округ әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай өткізіліп, тұрғындар өз таңдауларын жасады.

Нәтижесімен, Жіңішкеқұм ауылдық округ әкімі лауазымына Әлішев Мұхансерік Қуандықұлы, Райым ауылдық округіне Қарауымбетов Рүстем Мастыбайұлы, Қосжар ауылдық округіне Әбдікеров Мәди Жақсыбайұлы, Аманөткел ауылдық округіне Әбдіраманов Қайрат Шыңдалыұлы сайланды.
Аудан басшысы сайланған ауыл әкімдеріне елді мекендегі қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ауылдық округке инвестиция тарту, инфрақұрылымдық жұмыстарды жандандыру, жолдардың сапасын арттыру, егіс алқаптарын сумен қамту және табиғи ресурстарды қорғау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы 

21 мамыр 2025 ж. 32 0