Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Бохаев өңіріміздің мәдени өмірінде белсенді қызмет етіп жүрген сала майталмандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел руханиятының шамын жағып жүрген, ұлттық өнер мен мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа аманаттай білетін, шығармашылықпен өмір сүретін жандардың еңбегін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, «Наурызнама» онкүндігі аясында өткен іс-шараларды ақпараттандыру ісіне белсене атсалысқан жас мобилографтарға да арнайы алғысын білдіріп, шығармашылықтарына сәттілік тіледі.
Мұнан соң, салтанатты жиында аудан мәдениеті мен өнерін өрістету жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар сала мамандары облыс және аудан әкімі орынбасарларының арнайы «Алғыс» хаттарымен марапатталды.


