Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Апта ағымында

Апта ағымында

«Miras» республикалық кеңесінің төрағасы Сыр өңірінде сапарда болды
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, партия жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің төрағасы Аманжол Әлтай Сыр өңірінде іс-сапарда болды.
Алдымен «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтіп,  онда партияның  2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы мәдени ошақтарды салу және жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың Сыр өңірінде орындалу барысы мен облыстағы мәдениет саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Мұнан соң мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мен «AMANAT» партиясы саяси жұмыстар департаментінің директоры Еркебұлан Жауылбаев «Bir Tolqynda» диалог алаңында өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, олардың бастамалары мен ой-пікірлеріне құлақ салды.
Өңірге жұмыс сапары  «Miras» республикалық кеңес төрағасы Аманжол Әлтай партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен бірге өңірдегі жаңадан бой көтеріп жатқан мәдени нысандардың құрылысымен танысты.
Балалардың жазғы тынығу лагерлерінің жағдайына партиялық бақылау жасалды
Бала қауіпсіздігін өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде санайтын AMANAT» партиясы өңірде балалардың жазғы тынығу лагерлеріне партиялық бақылау жүргізіп, олардағы балаларға жасалған жағдайлармен танысуда.
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары өкілдері облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерімен бірге Қызылорда қаласы, «Мелиоратор» саяжайында орналасқан «Зерентай» балалар тынығу лагерінің жұмысын зерделеді.
Зерделеу жұмыстары барысында филиал төрағасы лагер директорына мектептегі сабақта бала білім алып, ой-өрісін кеңейтсе, демалыс кезін де қабілетін дамытып, ерекше қызықты, есте қаларлықтай етіп өткізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау керектігін атап өтті.
«Amanat» партиясы жанындағы экологиялық кеңес отырысы өтті
Республикалық кеңес отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалы жанындағы кеңес төрағасы Жорабек Ибрагимұлы қатысты.
Жиынның күн тәртібінде экологиялық тұрақтылықты арттыру және жасыл инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралып, талқыланды.
Фракция жұмысы саяси кеңесі бюросының отырыстарында қаралды
«AMANAT» партиясы Арал, Қазалы, Қармақшы аудандық филиалдарының Саяси кеңесі бюросының отырыстары өтті. Бюро отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова онлайн қатысты.
 Алқалы жиында аудандық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жыл басынан атқарған жұмыстары есебі тыңдалып, партияның облыстық филиалымен фракция мүшелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысы талқыланды.
Мәслихат депутаттарына ел сенімін ақтау парыз, жүктелген үлкен жауапкершілікті атқару абырой, халықтың мүддесін білдіріп, оның игілігі үшін еңбек ету дәреже. Депутаттардың білікті болып, қызметін жоғары деңгейде атқаруына біз де – партия филиалы мүдделіміз деп, өз кезегінде сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов фракция мүшелерінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.
Бюро отырыстарында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, қаулы бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Болашаққа бағдар» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Аптада жұмысшы мамандықтары жылы аясында «AMANAT» партиясы және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Болашаққа бағдар» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«Нұрсәт» теннис орталығында өткен іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының мүшелері қатысты.
Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай Абай, Ұлытау, Павлодар облыстарынан келген жұмыс берушілер білім саласы бойынша 1390, денсаулық саласы бойынша 578 және өзге де салалар бойынша 177 бос жұмыс орындарын ұсынылды.
Іс-шара соңында екі облыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан өңірлер өкілдеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хаты табысталып, 3 жас маманға тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
Мәдениет күні қарсаңында құрметке бөленді
21 мамыр – мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мұражай және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Мереке қарсаңында белсенді қызметі үшін мұражай және мәдениет саласының қызметкерлеріне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, партияның облыстық филиалының «Алғыс хаттары» табысталды.
Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ардагер ұстаз Асылзат Сұлтангерейқызын мерейлі 85 жасымен құттықтап барды.
Онда ғибраты ғұмырын ұрпаққа сапалы білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстазға партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлының құттықтауын табыстап, сый, құрмет көрсетті.
Үлкенді қадірлеп, кішіге ізет жолын көрсеткен партия басшылығына қарт ана ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Аққыр, Жаңаталап ауылдарында мобильді қабылдау өтті
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова бастаған партия филиалы жанындағы мобильді топ өкілдері Жалағаш ауданына қарасты Аққыр және Жаңаталап ауылдарында болып, қоғамдық қабылдау өткізді. Онда ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, партия тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар төңірегінде кеңінен ақпарат берді.
Мобильді топ өкілдері ауыл тұрғындары көтерген авариялық ауылдық клубтардың жағдайымен танысты. Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова тұрғындарға көтерілген мәселелер партиялық бақылауға алынып, нақты жұмыс істелетіндігін жеткізді.
Атап өтейік, қос ауылда өткен мобильді қабылдауға 30-ға жуық азамат келіп, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
«Жұмысшы мамандығы – өндірістің әлеуметтік негізі» атты облыстық форум өтті
Шиелі ауданында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жұмысшы мамандығы – өндірістің әлеуметтік негізі» атты облыстық форум өтті.
Шиелі индустриялық – аграрлық колледжі базасында өткен форум жұмысына барлық аудандардан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар аудандағы «Қазатомпром» компаниясының өндірістік процесімен және техникалық базасымен танысты. Онда тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып жүрген студенттермен және жұмысшы мамандармен тілдесті.
Таза бейсенбі: Партияластар табиғат тазалығына үлес қосты
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясымен әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экоакциясы бүгін Қызылорда облысы, Қазалы ауданында жалғасты.
Партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен ұйымдастырылған тазалық шарасында Әйтеке би кентіндегі автодром маңы мен «Әйтеке би – Басықара» аудандық маңыздағы автомобиль жолының жиегі қамтылды. 30-ға жуық белсенді аманаттықтар аталған аумақтардағы қоқыстарды теріп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқысты арнайы орынға шығаруға атсалысты.
Тұрғындар тілегі тыңдалды
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Нәлібанв Мақсұт Ыбрайханұлы, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Жанерке Алмасқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызықоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтар өтініштерін тыңдады.
Қабылдауларға 13 азамат өтінішпен келіп, олардың 7-і оң шешімін тапты.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: «AMANAT» партиясы
26 мамыр 2025 ж. 47 0