Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия инспекторы сайлауалды бағдарлама аясында салынған нысандармен танысты

Партия инспекторы сайлауалды бағдарлама аясында салынған нысандармен танысты

Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Еркін Дәрібаев Арал ауданында да болды. Онда сайлауалды бағдарлама аясында салынған нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасының, онан соң жақында ғана пайдалануға берілген аспалы көпірді көрді.
Арал қаласында салынған №292 жайлы мектебі 300 орынға арналған. Жаңа білім ордасының материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталған. Мектепте бүгінде 533 оқушы білім алады және 23 сынып комплект жасақталған. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. І ауысымда – 293 оқушы оқыса, ІІ ауысымда – 240 оқушы білім алады. Аты айтып тұрғандай мұнда оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де шығармашылығын жан – жақты дамытуға жағдай жасалған.

Ұзындығы 940 метр болатын аспалы көпірдің ашылғанына аудан халқы дән риза. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы, түнгі жарықшамдар орнатылған. Қос нысан да партия бақылауына алынған. Атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, ризашылығын білдірген партия инспекторы жалпы халық алдындағы сайлауалды уәделердің сапалы, әрі мерзімінде орындалуы партия басшылығының тікелей назарында екенін атап өтті.
Мұнан соң «Ase Invest»түрік инвесторларымен бірлесіп, жүзеге асырылған шаруашылыққа қажетті ұнтақтар шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Жоба өңірлік пулға енгізілген, құны 300 млн.теңгені құрайды, зауыт күніне 22 тонна өнім шығаратын болады. Өнімнің 50%-ы экспортқа бағытталады. Кәсіпорын жобаның екінші кезеңінде ылғал майлықтарды шығаруды жоспарлауда (құны 320 млн.теңге), цех жыл аяғына дейін іске қосылатын болады. Кәсіпорын жалпы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.
#AMANAT
28 мамыр 2025 ж. 57 0