АРАЛДЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін аралдықтар осы бір нәубет кезеңнің құрбандарын үнсіз еске алып, тағзым етті. Аудан орталығында ұйымдастырылған еске алу шарасына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, білім саласының қызметкерлері мен жас буын өкілдері жиналды.
Шара аясында қатысушылар азалы жылдарда жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым жасап, арнайы орнатылған ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қойды. Бұл – зұлмат заманның зобалаңына түскен ата-бабалар рухына деген елдің ілтипаты, ұрпақтың тарихи кезеңге деген құрметі.
Қанша жыл өтсе де, бұл күн – өткенге тағзым, болашаққа аманат.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі