Сексеуіл кенті тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

Кездесу аясында фракция мүшелері кент тұрғындарына сайлауалды бағдарлама шеңберінде жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Айта кету керек, Сексеуіл кентінде жол картасы аясында инфрақұрылымдық, газдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай ақ, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Кент тұрғындары, халық қалаулыларына түрлі бағыттар бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Сонымен қатар кездесуге қатысқан тиісті мекеме басшыларымен мамандары халықтың толғандырған сұрақтарына жауап берді.



#АМАНАТ