Аққұм ауылының тұрғындары фракция мүшелерімен кездесті

Кездесуде фракция мүшелері атқарған жұмыстарын баяндады. Жалпы, партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы аясында Аққұм ауылдық округінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Фракция мүшелерінің белсенділігінің нәтижесінде ауылдағы инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Жол картасы аясында ауылдық округті газдандыру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде азаматтар тарапынан бірқатар сауалдар жолданды. Соның ішінде ауылдағы кіреберіс жолдарды жөндеу, су ұңғымаларын қазу сынды мәселелер көтерілді.
Жиын соңында фракция мүшелері ауыл тұрғындарының сауалдарына байланысты тиісті ұсыныстарды жолдайтынын жеткізді.
Одан әрі, фракция мүшелері азаматтардың жеке мәселелері бойынша мобильдік қабылдау өткізді.


#AMANAT