Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрбек Әмиша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды

Нұрбек Әмиша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың қатарында жерлесіміз, ауданға қарасты Қаратерең ауылының тумасы Нұрбек Әмиша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Нұрбек Шынтемірұлы еңбек жолын «Халық», «Сыр бойы», «Айқын» газеттерінде тілші қызметінен бастады. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор, «Хабар» телеарнасында бас редактор, Bilim Media Group компаниясы және Ұлттық аударма бюросында әдеби редактор қызметтерін атқарды. «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшылығының басшысы, «Сан-Ай пресс» ЖШС-да бас директордың орынбасары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.
Қазіргі таңда Qyzylorda телеарнасының директоры болып қызмет атқарады.

Жерлесімізді мерейлі сәттегі мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз!

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

25 маусым 2025 ж. 62 0