Жаңадан салынған тұрғын үйлердің құрылыс сапасына бақылау жұмыстары жүргізілді

Бұған дейін екі пәтерлі тұрғын үйлердің сапасына қатысты кейбір кемшіліктердің анықталғаны белгілі. Кәсіпкерлермен кездесуде тұрғын үйлер басында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру жөнінде түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің орынбасары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері кейбір тұрғын үйлерді аралап, сапасына бақылау жүргізіп, үйлердің құрылысын жүргізген кәсіпкерлермен олқылықтарды қалпына келтіру жөнінде уағдаласты.
Сонымен қатар тұрғын үйлер орналасқан мөлтек ауданның тазалық мәселесіне қатысты да кемшіліктер сөз болды. Алдағы уақытта қала әкімдігі тарапынан тазалық мәселесіне қатысты жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.


