Сырбойылық зияткерлер My Extra Case Competition байқауында II орын иеленді

Зияткерлерлердің жобасы Me Extra Lab University-дің нарықтағы орны мен танымалдығын арттыруға бағытталған маркетингтік стратегиялық әзірлеуге бағытталған. Команда нақты талдау мен шешу жолдарын ұсынды. Оқушыларға жетекшілік еткен — жаһандық перспективалар және жобалық жұмыстар пәнінің мұғалімі Серік Жайырбаев.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 450 команда қатысып, олардың арасынан тек тоғыз команда ғана финалға өтті. Қорытынды кезеңде Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Орал, Атырау, Семей және Щучинск қалаларынан келген үздік командалар бизнес, қоғам және қаржы салаларындағы өзекті мәселелерге арналған жобаларын қорғап шықты.
