Байқоңырдан "Прогресс МС-31" жүк кемесі сәтті ұшырылды

Жүк кемесі екі тәуліктік схема бойынша орбиталық станцияға бағыт алады. «Прогресс МС-31»-ді ХҒС-тың ресейлік сегментіндегі «Поиск» модуліне түйістіру 6 шілдеде Мәскеу уақытымен 00:28-ге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы – шамамен 167 күн.
"Прогресс МС-31" бортымен ХҒС-қа 2,6 тоннадан астам жүк жеткізілмек. Оның ішінде:
1205 кг – экипажға арналған құрғақ жүк,
950 кг – станцияға жанармай,
420 кг – ауыз су,
50 кг – ХҒС атмосферасын толықтыруға арналған азот.
Сонымен қатар, кеме ғылыми зерттеулерге арналған бірқатар жабдықтарды да жеткізеді. Атап айтқанда, "Виртуалды", "Биодеградация", "Фуллерен", "Биополимер", "Импульс" және "Мираж" атты тәжірибелік бағдарламалар үшін құралдар бар.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған бұл кезекті миссия Халықаралық ғарыш станциясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді жалғастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Фото: baq.kz