Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп-жаруға келмейтін егіз ұғым. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту мақсатында аймақта екінші мәрте өткен өнер додасына еліміздің 10 бірдей өңірінен 24 талантты күйші қатысқан. Солардың арасынан суырылып шығып, аудан абыройын асқақтатқан жерлесіміз Ерімбет Орынбасаровты жеңісімен құттықтаймыз.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі