Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады

Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Бекарыстан би ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, мәселелерін тыңдады.

«Диін бағында» өткен жүздесуде халық қалаулысы елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешу мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжілісте қабылданып жатқан заңдар мен бағдарламалар туралы ақпарат берді. Бюджет қаржысының игерілуіне қатысты да сөз қозғап, бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы басты талап екенін айтты.

Кездесуде тұрғындар спорт кешенінің құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлу, ауылішілік жолдарды жөндеу, көпірлерді қалпына келтіру, денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде аулыға аурухана қажеттілігі туралы ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде депутат көтерілген әрбір мәселеге жеке жауап беріп, жауапты сала басшыларымен бірге шешу жолдарын қарастыратынын және бақылауында ұстайтынын айтты.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылып жатқан игі істердің аз еместігін атап өтіп, елмен етене араласып жүрген халық қалаулысына ризашылықтарын білдірді. Алдағы қызметіне сәттілік тілеп, баталарын берді.

Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
06 шілде 2025 ж. 65 0