Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты жол құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаты жол құрылысымен танысты

Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов «Қазалы – Көларық – Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолының 6,5 шақырымдық бөлігінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жобаның жалпы құны – 835 699,3 мың теңге. Жобаға сәйкес жол жамылғысы толықтай жаңартылып, қалыңдығы 18 см болатын үш қабатты асфальт-бетон жабындысы төсееді.Атап айтқанда, бірінші қабат – қара шебень негізі, екінші қабат – ірі түйіршікті асфальт, ал үшінші қабат – майда түйіршікті асфальт болып табылады.

Бүгінгі күні 4 шақырымдық учаскеде алғашқы екі қабат – қара шебень мен ірі түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстары толықтай аяқталған. Қалған 2,5 шақырымда құрылыс жұмыстары жоспар аясында жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 7 ай.

Халық қалаулысы Мархабат Жайымбетов мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындар күтіп отырған инфрақұрылымдық жобаны уақтылы аяқтау қажеттігін ерекше атап өтті.

«Жол - стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы орындалып, мерзімінде аяқталуы тиіс. Бұл халықтың күнделікті тіршілігі мен қауіпсіз қозғалысы үшін аса маңызды», – деді депутат.

kyzylorda-news.kz
06 шілде 2025 ж. 67 0