Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада қала күніне орай мерекелік отшашу өтті

Астанада қала күніне орай мерекелік отшашу өтті

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті. Шара демеушілердің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды. Отшашудың жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.

«Астана Арена» стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада 100-ден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шоу, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар және басқа да ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бүгін Астанада пластиктен жасалған алып мысық пайда болды.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Астана әкімдігі
07 шілде 2025 ж. 67 0