Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫН» ҰҒЫНУ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫН» ҰҒЫНУ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

Елбасымыз айрықша маңызға ие мақаласын: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», – деп бастап, мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» ескертті. Айтылған ойдың астарынан «бұл – тарихи шындық» деген тұжырым сығалап тұр. Демек уақыт пен кеңістіктің көк­жиегі тоғысқан кезде басталған осынау ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұм­тылу – баршамызға ортақ міндет.
Ұлы даланың жеті қыры­ мақаласында айтылған бөлімнің кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәде­ниет­ті Қазақ елінің рухани бай­лығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түр­­кі әлемінің бесігі санала­тын, Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік эко­­номиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған құр тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.
Біздің бай тарихымыз бар. Бірақ біз­дің тарих, өкінішке қарай, ғылыми тұрғыдан әлі де болса толықтай зерттеліп, жүйеленбеген. Хат­талып қағазға түспегені қаншама. Тұңғыш Президент мақаласында қасаң тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын атап көрсетіпті. Алдымызда енді соны науқанға айналдырмай, аса біліктілікпен, іскерлікпен ел игілігіне айналдыру міндеті тұр. Тарихты қол­дан жасауға болмайды. Бірақ бар та­рих­қа байыппен қарап, кезінде түрлі себептермен орын алған кемшіліктерді ғылыми зерде елегінен өт­кізіп, екшеп отыру, жақсысынан үлгі-өнеге алып, жетілдіру, жаманынан безініп, алда оның қайталануына жол бермеу – бәрімізге ортақ міндет бол­мақ.

Жолдасбек Махамбетов,
№22 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.
17 сәуір 2019 ж. 3 038 0