Мәжілісте маңызды мәселелер қаралды

Арал ауданы бойынша тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін интернет-ресурсты пайдаланатын 9 кәсіпорын тіркелген.
Тапсырыстарды сақтау мен жеткізу бағытында «Қазпошта» желісінің 1 супермаркеті, 19 бөлімшесі және Каспи.кз интернет дүкенінің 6 тарату пунктісі (постомат) жұмыс жасауда.
Осы орайда «Қазпошта» акционерлік қоғамының Арал аудандық пошта байланыс торабы бастығы Ж. Нұрбаевқа тапсырыстарды қабылдап, жеткізу бағытында сапалы жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен бірге аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен кәсіпкерлік палатасына электронды саудадағы экспорт көлемін арттыру мақсатында кәсіпорындардың интернет маркетплейстарға тіркелуіне көмек беру, жергілікті кәсіпкерлерді электронды сауда негіздеріне оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, қажет болған облыстық кәсіпкерлер палатасынан тәжірибелі мамандандарды арнайы шақырту жүктелді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қ. Үмбетовке денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің барлығы оң динамикаға шығу қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында бұдан бөлек қатты желдің салдарынан зақым келген ғимараттарды қалпына келтіру бойынша мекеме басшыларының жауаптары тыңдалып, тиісті жұмыстарды уақытылы атқару жөнінде тапсырмалар берілді.

