Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиал директорының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен және ротация негізінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының Арал аудандық пошта байланыс торабы бастығы лауазымына Нұрбаев Жайлаубай Маханұлы тағайындалды.
Жайлаубай Маханұлы - 1965 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1987 жылы Қызылорда Политехникалық Техникумын «Өндіріс және Азаматтық құрылыс» және 1990 жылы Қызылорда экономика және экология университетін «Қаржыгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы аудандық атқару комитеті жанындағы аудандық Спорт комитетінде «Спорттық кешендер құрылысы» бойынша бақылаушы - инженер қызметінен бастаған.
1995-2011 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамының Арал аудандық пошта байланыс торабында нұсқаушы, аға нұсқаушы, торап бастығының орынбасары;
Ал, 2011 жылдан бастап осы кезге дейін «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қазалы аудандық пошта байланыс торабы бастығы қызметін атқарып келді.
Отбасылы.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
26 қыркүйек 2024 ж. 39 0