Аралдық жеке кәсіпкер "Ауыл аманаты" жобасының игілігін көруде

Бұл бағдарлама өңірде де өз жалғасын тауып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Бүгінде бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі Арал қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Бейсембаев Нұрболат.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз кәсібін бастап кеткен ол бүгінде үй жиһазын дайындайтын шахын цех ашқан. Кәсіпкер бағдарлама аясында 2,5 пайыздық жеңілдікпен 6 млн 250 мың теңге несие рәсімдеген.
Айтуынша бүгінгі таңда үй жиһазына тапсырыстар жоғары деңгейде атап айтқанда аудан төңірегінен бөлек Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе облысынанда тапсырыс берушілер бар екенін жеткізді.
Цех біршама соңғы үлгідегі заманауи құрал – жабдықтар қамтылған.
Атап айтқанда Қытай зауыттарынан шығарылған Ағашты аралау машинасы және ағаш жиектерін жапсарлау аппараты жұмыс жасайды.
Кәсіпкер бұнымен тоқтап қалмай өз кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр. Цехқа тағы да заманауи жапсарлы ағаштар бетіне ою –өрнек салынатын құрылғыны алуды сондай ақ, цех көлемін үлкейтуді, қосымша жұмысшыларды тартуды көздеп отыр.

#AMANAT