Сайлаубай Жұбатырұлы - «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері
Қазақстан жазушылар одағы басқармасынан сүйінші хабар жетті. Онда Сыр елінің тумасы, белгілі эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығын иеленгені туралы айтылған.
Сайлаубай Жұбатырұлы «Қазақфильм» киностудиясында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарған.
«Отты өткел», «Бумеранг», «Жасыл сағым», «Алыстағы аралдар» сияқты кітаптары жарық көрген. Елуге тарта көркем фильмді аударған. Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген қаламгер.
«Отты өткел», «Бумеранг», «Жасыл сағым», «Алыстағы аралдар» сияқты кітаптары жарық көрген. Елуге тарта көркем фильмді аударған. Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген қаламгер.
Кейіпкер трагизмі арқылы Арал тағдырын қозғаған «Абыржы» трилогиясы көркем туынды есебінде ел құлағын елең еткізді.
«Парасат» орденімен марапатталған. Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.
Біз жерлесімізді лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Сыр медиа» ұжымы.