Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттің ресми сапары «Ата бейіт» кешеніне зиярат етуден басталды

Президенттің ресми сапары «Ата бейіт» кешеніне зиярат етуден басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлады Ақорда.
Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Фото: Ақорда
22 тамыз 2025 ж. 49 0