Қазақстан Президентінің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды
Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Сондай-ақ «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Сондай-ақ, «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі.
https://24.kz