Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде

Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар қарқынды түрде енгізілуде. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.
«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек-бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады»,
— деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді және сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға көмектеседі.