Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне құттықтауын жеткізді.

Мемлекет басшысының қолдауымен мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де заманауи ғимараттар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылып, жолдарымыз кеңейіп келеді.Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.Аймағымызда халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды.Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор. Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Биыл тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.