Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылжар үздік үштікте

Қызылжар үздік үштікте

Бүгін облыс орталығында «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы өтіп, дәстүрге айналған серпінді шарада ауданға қарасты Қызылжар ауылы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады.
Талай тектінің тынысын ашып, талай дарынның өнерін өрге оздырған Қызылжар ауылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында, өзен жағалай орналасқан ауылдардың бірі. 
Көркейту, көгалдандыру, егіс көлемін ұлғайту жұмыстарын жолға қойып келе жатқан іргелі елді мекеннің абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 1,5 млн тг қаржы бөлініп, қазіргі таңда аяқ су құбыры арқылы бақша салып, ауыл тұрғындарының бірден бір көкөніс, бау-бақша өнімдерін егіп алуына жағдай жасап отырған бірегей ауыл.
Ескі аяқ су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарына аудандық бюджеттен 3,2 млн тг қаржы қаралып, егіс егу, абаттандыру жұмыстарын одан ары жоғарғы деңгейде жалғастыру жоспарланған. 
Ауылдың көшелері түзу, түнгі жарықтары толықтай қамтылған, тазалық жұмыстары жүйелі жолға қойылған.  
Ауылдың білім беру және мәдениет ошақтары, денсаулық сақтау амбулатория ғимарттары заманауи талаптарға сай салынып, халық игілігі үшін үздіксіз қызмет атқаруда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
27 қыркүйек 2025 ж. 61 0