Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі сенбілік жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі сенбілік жұмыстарымен танысты

Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары бүгін аудан көлемінде өткізілді. 
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қаладағы сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарды сектор бөлінісіне сәйкес аралап, қоғамдық орындар мен алеялар аумағында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына куә болды.
Бүгінгі сенбілік жұмыстарында туған өлкенің тазалығы мен көркейуіне атсалысқан барлық мекеме қызметкерлері өз аулалары мен белгіленген аймақтар бойынша тазылық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ орталық көшелердегі бордюрлер мен қоғамдық орындардың қоршауларын әктеу, сырлау және топырақтан тазалау жұмыстары бойынша да ауқымды шаралар өз жалғасын тапты. Қаладағы орталық көшелер мен Жарбол қорымының маңайы, ескі аурухана айналасы жайлы мектептің маңайы, Рәміздер алаңы және Керуен сарайының артқы аймақтары қоқыстардан тазартылып, арнайы техниканың көмегімен карерлер тегістелді. Орталық көшелер де үрлемелі құмнан тазаланып, әр жердегі қоқыс қалдықтары жиналды.
Дегенмен қаланың кейбір аумақтарында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарының мардымсыз екені байқалады. Мұны аудан әкімі назарға алып, жұмысты әлі де жандандыру керектігін жеткізді. Кейбір кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға ескерту жасап, бірқатар тапсырмалар жүктеді. 
Тазалық ең алдымен өзімізге керек. Оны жай ғана бір реттік науқан деп қарауға болмайды. Сондықтан аудан және қала тұрғындарын тазалық жұмыстарына ұдайы атсалысып, өз аулалары мен көшелерін таза ұстауға шақырамыз.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
04 қазан 2025 ж. 205 0