Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ ІС-ШАРАСЫН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗУГЕ АТСАЛЫСҚАН АРАЛДЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ ІС-ШАРАСЫН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗУГЕ АТСАЛЫСҚАН АРАЛДЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтіп, онда бірқатар азаматтар марапатталды.
Қазан айының 17-18 күндері облыс орталығында өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты іс-шарасы аясында ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан сала мамандарына облыс және аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы С.Торайғыров көшесі «Шұғыла» балабақшасының алдында жыл сайынғы дәстүрлі мереке «Алтын күз -2025» шарасы аясында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі биыл да жалғасын тапқан болатын.
Аймақ төріндегі молшылық шарасына ауданнан 148,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары жеткізіліп, нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген бағада саудаланды. Әсіресе ауданның балық өңдейтін кәсіпорындарынан жеткізілген мұздатылған және ысталған балық өнімдері қызу сұраныспен саудаланды.
Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша азаматтарға аудан әкімінің орынбасары ерекше алғыс білдірді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
21 қазан 2025 ж. 270 0