Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өнімі Сыр төрінде

Арал өнімі Сыр төрінде

Кеше облыс орталығы - Қызылорда қаласында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Аймақ төріндегі молшылық шарасына ауданнан 500 литр шұбат, 3,5 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна ет, 4 тонна көкініс жеткізіліп, нарық бағасынан 15 пайыз төмендетілген бағада саудаланды.
Оған қоса, аудандағы балық өңдейтін 4 кәсіпорынан барлығы 7 тонна балық және балық өнімдері, 2 шаруа қожалығынан 800 кг ет және «Аралтұз» АҚ-ы 2,5 тонна тұз өнімдері және қосымша «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан барлығы 15 тонна азық-түлік тауарлары сатылымға шығарылды.
Жалпы жәрмеңкеге 20-ға жуық автокөлікпен 40-50 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылып, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары қызу сұраныспен саудаланды.
С. Торайғыров көшесі, "Шұғыла" балабақшасының алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерін қажетінше  алып, ризашылықтарын жеткізді.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
03 желтоқсан 2023 ж. 334 0