Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке: Арал өнімдері қызылордалықтарға тиімді бағада ұсынылды

Жәрмеңке: Арал өнімдері қызылордалықтарға тиімді бағада ұсынылды

Бүгін облыс орталығы - Қызылорда қаласында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.
Аймақ төріндегі молшылық шарасына ауданнан 300 литр шұбат, 15тонна балық және балық өнімдері, 4 тонна ет, 3 тонна ас тұзы және 30 бас тірі қой мен 400 дана құс еті жеткізіліп, нарық бағасынан 15 пайыз төмендетілген бағада саудалануда.
Атап өту қажет, ауданның балық өңдейтін кәсіпорындарынан жеткізілген мұздатылған және ысталған балық өнімдері қызу сұраныспен саудаланды.
С. Торайғыров көшесі, "Шұғыла" балабақшасының алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерін қажетінше алып, ризашылықтарын жеткізуде.

"Толқын" ақпарат
24 желтоқсан 2022 ж. 323 0