БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ
25 қазан — Республика күніне орай «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Жастар», «Көктем» және «Вокзал» бастауыш партия ұйымдарының бірлескен салтанатты танымдық шарасы өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталып, жас буын Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген мақтанышты дәріптеген патриоттық өлең шумақтарын оқыды.
Жиын барысында партия мүшелері Республика күнінің тарихи және рухани маңыздылығына тоқталып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылығын атап өтті. Сондай-ақ, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершіліктің мәнін түсіндірудің маңызын айтты.
Мерекелік шара аясында белсенділік танытқан оқушылар «Жастар» бастауыш партия ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар назарына еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен тарихи кезеңдерін қамтыған арнайы кітап көрмесі ұсынылды.





#«AMANAT»










