Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда – Жезқазған автожолының 191 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

Қызылорда – Жезқазған автожолының 191 шақырымы биыл пайдалануға беріледі

Қызылорда облысында «Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Ұзындығы 191 шақырымды құрайтын жолдың соңғы учаскесінде қазір 150 градус ыстық асфальт-бетон жабындысы төселіп, арнайы техникалар оны нығыздап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Жоба жетекшісі Ерсайын Мұзафардың айтуынша, үш лот бойынша жұмыстар қабылданып, соңғы төрт шақырымда үшінші қабатты төсеу жүріп жатыр. Бұл учаске қазан айының соңына дейін толық аяқталып, жол қозғалысы толығымен ұйымдастырылады.

Бүгінге дейін 187 шақырым жол жыл басынан бері 330 сынама алынып, оның 49-ы стандартқа сай келмегені анықталған. Нәтижесінде мердігерлер 4 мың шаршы метр асфальт жабындысын қайта жөндеген.

Қазіргі таңда талапқа сай келмеген учаскелер қайта қалпына келтірілуде, - деді зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.

Келер жылы республикалық маңызы бар бұл трассаға қосылатын ескі жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Осылайша, ұзақ жылдар күткен «Қызылорда – Жезқазған» бағытының толық іске қосылуы өңірлер арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
26 қазан 2025 ж. 86 0