Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестеріміз Жыл үздігі атанды

Жерлестеріміз Жыл үздігі атанды

Апта басында облыс орталығынан сүйінші хабар жетті. Қызылорда қаласында облыстық телеарнаның ұйымдастыруымен алғаш рет өткен «Жыл таңдауы – 2025» телевизиялық байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау барысында әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетіп жүрген үздік азаматтар 15 аталым бойынша көрерменнің дауыс беруі нәтижесінде анықталды. Осы айтулы жобаға ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, шығармашылықтарымен көзге түсіп жүрген жерлестеріміз – Үкітай Ерниязова, Бексұлтан Орынбасаров, Ержеңіс Әбді және Жалғас Шараповтар қатысты.
Сонымен қатар, өңіріміздің беделін арттырып, қоғам үшін маңызды бастамаларды жүзеге асырып жүрген «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі де бәйгеге қосылды.
Аймақ мерейін үстем етіп жүрген сол үздіктер қатарынан жерлестеріміз, ел мақтаныштары Ержеңіс Әбді мен Үкітай Ерниязов ел қолдауына ие болып, арнайы аталымдарға ие болды.
Жыл қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, ақын Ержеңіс Әбді «Жыл мұғалімі» аталымына ие болса, әнші, сазгер Үкітай Ерниязов «Жыл өнерпазы» аталымын жеңіп алды.
Өнер мен ұстаздық жолда табандылық танытып, кәсіби шеберлігімен көпшілік ықыласына бөленіп жүрген жерлестеріміздің бұл жетістігі аудан халқы үшін үлкен мақтаныш. Ел үмітін ақтаған аралдық үздіктерді шын жүректен құттықтаймыз!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
17 желтоқсан 2025 ж. 52 0