Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал – аймақ дамуының жаңа белесінде

Арал – аймақ дамуының жаңа белесінде

Астана қаласында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңінен баяндап, Арал ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға арнайы тоқталды. Әкімнің айтуынша, Арал мәселесі – тек бір ауданның ғана емес, тұтас ел үшін маңызы бар стратегиялық бағыттардың бірі.
Соңғы жылдары Арал ауданында инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, жол, ауызсу, газдандыру және әлеуметтік нысандар салу бағытында нақты жобалар қолға алынған. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының күнделікті өміріне оң әсерін тигізіп отыр.
Брифинг барысында Нұрлыбек Нәлібаев Арал теңізі төңірегіндегі экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Әкімнің сөзінен аймақты дамытуда нақты жоспар мен жауапты көзқарас бар екені аңғарылады. Аралды жаңғырту – өткеннің ауыр салдарын еңсеріп қана қоймай, болашаққа сеніммен қараудың айқын көрінісі. Астанада өткен брифинг Қызылорда облысында, оның ішінде Арал ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың ел көлемінде қолдау тауып отырғанын көрсетті.
А.НҰРЛАНОВА
23 желтоқсан 2025 ж. 280 0