Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІК берекеге бастайды

БІРЛІК берекеге бастайды

Берекенікөздегенелмерекелітірлікжасауданжалықпаған. Осындайатаулыкүндердіңбірі – 1 мамырҚазақстанхалқыныңбірлігікүні. 1995 жылдыңнаурызындадүниежүзінеүлгіболыпотырғанұлтаралықтатулықпентұрақтылықтыңфеноменіҚазақстанхалқыАссамблеясықұрылды. Бұлешбірелдеболмағанерекше, саясимаңызызорқұрылым.
 «Береке бастауы–бірлік, ел іші–тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдері киелі қара шаңырақта бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын өз мәнісінде атап өтеді. Бұл бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқан әрбір Қазақстан азаматының татулығын айшықтай түседі.  Сонымен қатар қай ұлттың болмасын ұлттығын ұлықтап, өзгелердің құрметтеуіне жол ашады.
Бейбітшілік пен бірліктің белгісі іспетті атаулы мейрам ауданы­мызда да кең көлемде тойланды. «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақ­стан» атты мерекелік шараны тамашалауға орталық алаңға жиналған жұртшылық қызыққа бөленіп, мерекенің мәртебесін сезі­ніп қайтты.
Салтанатты шара барлық мекемелер мен балабақша және мектеп ұжымдарының мерекелік шеруімен бастау алды. Қазақ жеріндегі әр ұлттың ұлттық киімін киіп, дәстүріне сай сәнденген шерушілерден соң, «Ақтолқын» би тобының өнерпаздары шараның шырайын кіргізе түсті. Алаңда шыркөбелек айналған бишілер өзге ұлт өкілдерінің биін орындады. Мың бұралған бишілерден кейін, ауданның өнерлі жастары алаңға жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сый­лады. Жастар жылында ән салып, көгершіндерді көкке ұшырып, үлкен мен жастың көңілін көтерді.
Мерекелік шарада аудан әкімі М.Оразбаев  барлық аудан тұрғын­дарын ынтымақ пен бірлік күнімен құттықтап, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, бар қазаққа бейбіт күн тіледі. Мерекелік шара­ның соңы аудан өнерпаздарының ән мен жырына ұласты.
О. ЖОЛДАСОВ
03 мамыр 2019 ж. 796 0