Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі
Мемлекет басшысы балаларға қызмет көрсететін ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібін анықтайтын «Қазақстан Республикасының мәдениет, білім беру, отбасы және ьмемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балаларға тамақ, тұрғын үй, білім беру, тәрбиелеу және денсаулық сақтау қызметтерін көрсететін объектілерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібі анықталды. Бұл объектілерге жалпы білім беру ұйымдары, мектепке жейінгі балалар ұйымдары, сауықтыру, ұйымдары және мектептердегі ас блоктары жатады.Арнайы мемлекеттік бақылау төрт нысанда жүргізіледі: жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, объектіге бару арқылы мониторинг жүргізу. Тексерулер жоғары тәуекелді деп жіктелген субъектілерге (нысандарға) жүргізіледі. Жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі алты айда бір реттен жиі болмайды. Төмен тәуекел деп жіктелген субъектілерге (нысандарға) жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиі болмайды. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алдын ала ескертусіз кенеттен бару қағидаты жүзеге асырылады. Жоспарлы тексеру тәуекелді бағалау өлшемшарттарына сәйкес жасалған арнайы бақылау мен қадағалауға жататын субъектілер мен нысандардың жартыжылдық тізіміне негізделеді.
Бақылау процесінде немесе арнайы бақылау нәтижелері бойынша айыппұл салмай анықталған бұзушылықтарды түзету туралы ұйғарымдар шығаруды қоса алғанда, жедел әрекет ету шаралары қолданылуы мүмкін. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындамау әкімшілікті жауапкершілікке әкеп соғады. Ерекше бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде (білім беру және тәрбиелеу объектілеріне, сауықтыру ұйымдарына, олардағы тамақтануға арналған санитариялық қағидаларда көзделген зерттеулердің барлық түрін қамтумен) көзделген зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулер өткізілетін жоспарлы тексерулер мен бару арқылы мониторинг жүргізуді көздейді.
А.Сатекеева, Арал аудандық СЭББ басшысы










