Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, тиісті мекемелердің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне қарасты Терроризмге қарсы орталық бөлім бастығының орынбасары М.Телеуов, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары А.Жылқыбай, Қызылорда облысының дін істері басқармасының мамандары арнайы қатысып, пікір алмасты.
Жиында алдымен Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат әлеуметтік жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Мұнан соң аудан аумағында орналасқан терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тұрақты зерделеу, оларды қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру барысында туындап отырған проблемалық мәселелер жөнінде Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Әлтай хабарлады.

Сонымен қатар аудан жастарын жыл бойы спорт түрлеріне, мәдени іс-шаралар мен үйірмелерге тарту мәселелері жөнінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов баяндама жасады.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі келесі мәселе «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойында өзге ұлт өкілдері арасында ұлтаралық қақтығыс тәуекелдерінің алдын алу мақсатында түсіндіру шараларының тиімділігін арттыру, ұлттық сипаттағы экстремистік әрекеттерге ықпал етуі мүмкін факторларды талдау және тәуекелдердің алдын алу бойынша ұсыныстарды қарастыру төңірегінде өрбіді. Бұл мәселе бойынша Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат хабарлама жасады.

Жиын қорытындысында аудан әкімі көтерілген мәселелерге байланысты атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, жауапты тұлғаларға терроризмге қарсы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, нақты іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

06 ақпан 2026 ж. 51 0